«Заң күзетінде»: Абай облысының полицейлері Абай күніне орай ерекше cover орындады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының полиция қызметкерлері ұлы ақынның белгілі шығармаларының біріне ерекше өң беру арқылы тың туынды ұсынды. Абай күніне орай олар «Бойы бұлғаң» әніне cover орындап, жаңа нұсқасын күн сайын қоғамдық тәртіпті күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жандардың қызметіне арнады.

Танымал әуен жаңа мазмұнға ие болды. «Заң күзетінде» деп аталатын авторлық мәтінде полицейдің күнделікті қызметі — түнгі кезекшілік, шақыртуларға шығу, халық алдындағы жауапкершілік және қиын жағдайда көмекке келуге әрдайым дайын болу сынды міндеттер көрініс тапқан.

> «Заң үстем боп,
> Түн мен күнде
> Сақ тұрамын сапта мен.
> Қауіп туса,
> Халық үшін
> Тәуекелге аттамен», — деп шырқалады композицияда.

Кавердің негізгі идеясы — Абайдың әуені арқылы заманауи полицейді тек форма киген қызметкер ретінде емес, ең алдымен өзге адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне жауапты азамат ретінде көрсету.

Композицияның дәл Абай күні орындалуы да символдық мәнге ие. Жаңа мәтінде ұлы ойшыл ерекше мән берген адалдық, жауапкершілік, қоғамға қызмет ету және адамды құрметтеу секілді құндылықтар көрініс тапқан.

> «Сақшы болу —
> Мақтанышым,
> Бос мақтанға толмаймын.
> Бейбіт өмір,
> Қауіпсіздік —
> Соның үшін қорғаймын», — делінеді әнде.

Абай облысы Полиция департаменті атап өткендей, бұл шығармашылық жоба Абай мұрасына деген құрметтің белгісі әрі барша қазақстандыққа таныс әуен арқылы күн сайын ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген полицейлердің еңбегін жеткізудің бір жолы болды.

Осылайша Абайдың классикалық мұрасы жаңа мазмұнмен жаңғырып, ең басты идеясын — адамға, оның ар-ұятына, борышы мен қоғам алдындағы жауапкершілігіне үндеуін сақтап қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1271862?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version