Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Жетісу-3 шағынауданында кезекті аудандық сенбілік өтті. Жалпы тазалық жұмыстарына 150-ден астам адам атсалысты.
Сенбілік барысында көше бойлары, жасыл аймақтар мен кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар тазартылып, ретке келтірілді.
Жұмыстарға 30 коммуналдық қызметкер, 7 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 60 м³ қоқыс шығарылды.
Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1271894?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау