Келес ауданының тұрғыны Нұрмұханбет Анарбеков мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өз кәсібін кеңейтіп отыр. Ол 2,5 пайыздық жеңілдетілген «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,5 миллион теңге көлемінде несие алып, жарнамалық баннерлерді басып шығаратын заманауи станок сатып алды.
Жаңа құрал-жабдық кәсіпкерге жарнама өнімдерін өз өңірінде сапалы әрі жедел әзірлеуге мүмкіндік беріп, көрсетілетін қызмет аясын кеңейтуге жол ашты. Бүгінде ол баннерлер, сыртқы жарнама және басқа да полиграфиялық өнімдерді дайындау бағытында қызмет көрсетуде.
Кәсіпкердің айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында “Turkistan” Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық бөлімінің мамандары қажетті кеңес беріп, құжаттарды рәсімдеуден бастап, несие алуға дейін жан-жақты сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырған.
– Көптен бері өз кәсібімді кеңейтіп, жарнамалық өнімдерді шығаратын заманауи құрал-жабдық сатып алуды жоспарлап жүрген едім. “Ауыл аманаты” бағдарламасының арқасында бұл мақсатым жүзеге асты. “Turkistan” Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық бөлімінің мамандары құжаттарды рәсімдеуден бастап, несие алғанға дейін жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық кезеңде бағыт-бағдар берді. Осындай қолдау көрсеткен “Turkistan” Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық бөліміне шынайы алғысымды білдіремін. Бұл жоба ауылдағы кәсіпкерлердің дамуына үлкен мүмкіндік беріп отыр, – дейді Нұрмұханбет Рахматуллаұлы.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы Келес ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша бағдарламаға қатысу үшін 130 азамат өтінім білдірген, олардың 70-ке жуығының жобасы мақұлданған. Жеңілдетілген несие беру және жаңа бизнес-жобаларды қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасының дамуына серпін беруде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1271412?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау