АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔱10 тамыз – Абай күніне орай Ордабасы ауданында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттауға бағытталған мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
🔱Абай мұрасындағы білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік, ұлттық сана құндылықтарын дәріптеу мақсатында аудан көлемінде апта бойы әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, кездесулер мен өзге де мазмұнды жиындар өтті. Оларға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, кітапхана оқырмандары және жастар қатысты.
🔱Аудандық орталық кітапхана мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шарада ақынның әндері орындалып, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Абайдың «толық адам» идеясы, білімге ұмтылу, адал еңбек пен адамгершілік туралы ойлары кеңінен насихатталды.
🔱Сонымен қатар аудандық орталық кітапханада «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның шығармалары, өлеңдер жинақтары мен қара сөздері қойылып, оқырмандарға таныстырылды. «Абай дана, Абай дара қазақта» атты слайд көрсетілімі ұсынылды.
🔱Абайдың туған күніне орай ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым жасалды.
🔱Іс-шаралар барысында Абай шығармаларының бүгінгі қоғам үшін маңызы, оның ұлт тәрбиесі мен қоғамдық ойға қосқан үлесі сөз болды. Ақынның адамды білімге, еңбекке, ізденіске және ізгілікке үндейтін тағылымы жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.
🔱Абай мұрасы – қазақ халқының ұлттық санасы мен руханиятының ажырамас бөлігі. Ұлы ақынның шығармалары ұрпақ тәрбиесіне бағыт-бағдар беріп, елдің рухани дамуына қызмет ете бермек.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1271918?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version