Балкон, жағажай және жабық пәтер: ТЖД құтқарушылары тұрғындарға көмек көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Демалыс күндері Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары өңірдің 9 тұрғынына көмек көрсетті.

          8 тамыз күні сағат 16:00 шамасында «112» операторының пультіне Ертіс өзенінің қарама-қарсы жағалауындағы жағажайда әйел адамның жағдайы нашарлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар 54 жастағы қала тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны катермен құтқару станциясына жеткізді және «103» жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

          9 тамызда Екібастұз қаласында бала анасын көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балконға кездейсоқ қамап қойған. Құтқарушылар учаскелік инспектор мен баланың әкесінің қатысуымен альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, шатырдан түсіп, балкон есігін ашты. Әйел мен балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.

          Сол күні құтқарушылар есігін ашпай, қоңырауларға жауап бермеген 80 жастағы зейнеткер туралы хабарлама бойынша шақыртуға барды. Үш буынды сатының көмегімен олар екінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кірді. Ер адам еденде есін білген күйде табылып, «103» жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1272256?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version