🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 10 тамызда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті.Кездесу барысында бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы кезінде туындайтын өзекті мәселелер және оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.
🔹Кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелер мен проблемалық жағдайларды тікелей жеткізіп, өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нуров кәсіпкерлердің өтініштерін қарап, қойылған сұрақтарға жауап беріп, қажетті түсініктемелер берді.
🔹Іс-шараға Әділет департаменті атынан департамент басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов қатысты.
🔹Кездесудің басты нәтижесі — мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешу бойынша нақты шаралар мен алдағы қадамдарды айқындау.
🔹Бизнестің құқықтарын қорғау — ашық диалог пен бірлескен жұмыстың нәтижесі.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1272282?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау