🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы Контрафактілік өнім сот қаулысы негізінде жойылды.
🔹 Заңды күшіне енген сот қаулысын орындау мақсатында Әділет департаменті Қостанай қаласының Мамандандырылған ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімімен бірлесіп, LEGO тауар белгісімен таңбаланған контрафактілік өнімдерді жою жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында жалпы құны 722 250 теңгені құрайтын 204 дана контрафактілік өнім жойылды.
🔹 Контрафактілік өнімдерді жою – зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың, заңсыз өнім айналымының алдын алудың және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің тиімді шараларының бірі.
🔹 Әділет департаменті контрафактілік өнімдерді өндіру, сақтау және өткізу құқық иеленушілердің құқықтарын бұзатынын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1272278?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау