Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.
Патрульдік полиция қызметкерлері автожолдарда жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап, жүргізушілердің тәртібіне ерекше назар аударуда. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың ортақ міндеті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолдағы өзге де қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі!
Мұнайлы ауданы полиция бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272287?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау