Медициналық-әлеуметтік сараптама дегеніміз не және оның шарттары қандай:
Медициналық-әлеуметтік сараптама Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына» және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына» сүйене отырып жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптаманы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеп (белгілемей), куәландырылатын адамның организмі функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларын қажетсінуін айқындау.
Мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС оның тұрақты тұрғылықты (тұрақты тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында;
5) үйінде көрсетіледі;
6) сырттай;
7) сырттай проактивті жүргізіледі.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Н.Елшібекұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1272126?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау