Алаяқтар рәсімделген несие сомасының 10 пайызы мөлшерінде бонус төлеп беруге, сондай-ақ несиені толық мерзімінен бұрын өтеуге кепілдік берген-деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Алаяқтарға сенген әйел олардың барлық нұсқауын орындаған.
Алайда несиелер рәсімделгеннен кейін уәде етілген төлемдерді ала алмаған, ал несиелерді өтеу міндеттемесі өзіне қалған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында осындай тәсілмен тағы тоғыз азаматтың алданғаны анықталды.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның барысында жасалған қылмыстың барлық мән-жайы және басқа да тұлғалардың қылмысқа қатыстылығы анықталуда.
Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың мыңнан астам фактісі тіркелген. Келтірілген шығын көлемі бірнеше мыңнан ондаған миллион теңгеге дейін жетеді.
Павлодар облысының Полиция департаменті ескертеді:
* үшінші тұлғаларға жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін, растау кодтары мен құпиясөздерді хабарламаңыз;
* күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
* бейтаныс адамдардың өтініші бойынша, тіпті олар өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырса да, несие рәсімдемеңіз;
* кез келген қаржылық операцияны жүзеге асырмас бұрын алынған ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз немесе тікелей банкке хабарласыңыз.
Қырағы болыңыз! Қарапайым цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтау қаражатыңызды сақтап, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмауға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1272125?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау