Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың бірқатар тауарлар мен заттарды әкелуіне және (немесе) әкетуіне қатысты шектеулер мен тыйымдар қолданылады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі мен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес мына тауарлар мен заттар санаттарын әкелуге және әкетуге тыйым салынған:
– озон қабатын бұзатын заттар және озон қабатын бұзатын заттар бар, әкелуге және әкетуге тыйым салынған өнімдер;
– қауіпті қалдықтар (құрамында мышьяк, сынап, магний шаңы және т.б. бар), әкелуге тыйым салынған;
– экстремизмді, зорлық-зомбылықты немесе терроризмді насихаттайтын материалдарды қамтитын баспа, аудиовизуалды және өзге де ақпарат тасымалдағыштардағы ақпарат;
– өсімдіктерді қорғау құралдары мен әкелуге тыйым салынған тұрақты органикалық ластаушы заттар;
– әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару, оның негізгі бөліктері мен оқ-дәрілері;
– су биологиялық ресурстарын өндіру (аулау) құралдары (диаметрі 0,5 мм-ден кем моножіптен жасалған дайын балық аулау торлары, электро қармақтар), әкелуге тыйым салынған;
– гренланд итбалығы мен оның төлдерінің бұйымдары, әкелуге тыйым салынған;
– тірі бұлғын;
– киттер, дельфиндер және теңіз шошқалары.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» шешіміне сәйкес, есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелу және (немесе) әкету «Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға немесе импорттауға лицензиялар беруге өтінімдерді ресімдеу және мұндай лицензияларды ресімдеу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес ресімделген лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады, мынадай жағдайларды қоспағанда:
– жеке тұлғалардың медициналық көрсеткіштер бойынша жеке пайдалануға арналған дәрілік заттар түрінде шектеулі мөлшердегі есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуі және (немесе) әкетуі, тауардың атауы мен мөлшері көрсетілген растайтын медициналық құжаттар болған кезде;
– гуманитарлық көмек (жәрдем) көрсетуге және (немесе) төтенше жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге арналған есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелу және (немесе) әкету, егер бұл мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе;
– көлік құралын тіркеген мемлекеттің заңнамасында айқындалған шектеулі мөлшерде көлік құралындағы алғашқы медициналық көмек дәрі қобдишаларында болуы;
– әуе, су, теміржол көлік құралдарының жабдықтары мен техникалық құрылғыларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде запастар ретінде пайдаланылатын прекурсорларды әкелу және (немесе) әкету.
Қалған жағдайларда есірткі заттарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынады және бұл заң бойынша қудаланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан:
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әкету күніне белгіленген бағамы бойынша есептелген 10 000 (он мың) АҚШ долларына баламалы соманан асатын қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақшалай құралдарды;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық аффинирленген алтын құймаларын, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынады.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке және заңды тұлғаларды тауарларды кеден және мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде ЕАЭО мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады. Тыйым салынған немесе шектелген заттарды өткізуге әрекеттену мүлікті тәркілей отырып әкімшілік жауапкершілікке, ал заңда көзделген жағдайларда – қылмыстық қудалауға әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1272425?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау