Қытай төріндегі жеңіс: атыраулық полицей елге жеңіспен оралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қытайдың Бейжің қаласында өткен NAIZA Diamond Fight Night халықаралық турнирінде 61 келі салмақта ел намысын қорғаған Атырау облысы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция аға лейтенанты Елдар Отаралы жеңіспен оралды. Атыраулық спортшы қытайлық қарсыласын бірінші раундтың небәрі 13-секундында нокаутқа түсіріп, халықаралық аренада айқын басымдықпен жеңіске жетті.
 
Жеңімпаз спортшыны Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Ешманов бастаған әріптестері әуежайдан арнайы күтіп алып, жеңісімен құттықтады. Кездесу барысында қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәртіп сақшысының жетістігі ұжым үшін зор мақтаныш екені атап өтілді.
 
Елдар Отаралының бұл жеңісі – спорттағы жетістікпен қатар, халықаралық аренада еліміздің көк туын көкке көтерген маңызды белес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1272424?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version