Атап айтқанда, су нысандарын сарқылудан және ластанудан қорғау мәселесі қаралды. Сонымен қатар Сілеті өзенін қорғауға ерекше назар аударылды.
Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетіне осы мәселені мұқият зерделеп, өтініш иесі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен Есіл бассейндік инспекциясының мамандарын жергілікті жерге жіберуді ұйымдастыруды тапсырды.
Министр азаматтар арасында суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың және су нысандарын қорғау бөлігінде Су кодексінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетейік, былтыр қабылданған Су кодексінде су нысандарын қорғауға қойылатын талаптар күшейтілді. Ең алдымен, бұл талаптар шағын өзендер мен көлдерге қатысты. Сондай-ақ сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтарды қорғаудың ерекше режимі қарастырылған. Ал жергілікті атқарушы органдар 2027 жылғы 10 маусымға дейін елді мекендер шегіндегі жерүсті су нысандарында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуі тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1272244?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау