Семейде инклюзивті спорт кешені салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында заманауи инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталады.

Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли аталған нысанның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Әлеуметтік маңызы зор жоба «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Іс-шараға Қор төрайымы Ләззат Шыңғысбаева да қатысып, әлеуметтік бағыттағы жобаларды қолдау жұмыстары жалғаса беретінін атап өтті.

Жаңа спорт кешені екі қабаттан тұрады. Мұнда әмбебап спорт залы, адаптивті дене шынықтыру залы, күрес элементтері бар арнайы зал, тренажер залы, үстел теннисі және үстел ойындарына арналған бөлмелер қарастырылады. Нысан бір мезетте 130 адамға дейін спортпен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ғимаратта медициналық және оңалту қызметтерін көрсетуге арналған арнайы кабинеттер болады. Кешен толықтай инклюзивті талаптарға сай жобаланып, мүгедектігі бар азаматтардың спортпен еркін айналысуына қажетті жағдай жасалады.

Атап айтқанда, нысанда пандустар, лифт, бейімделген санитарлық тораптар және кедергісіз қозғалысқа арналған инфрақұрылым қарастырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1272249?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version