2026 жылғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының облыстық деңгейдегі жеңімпаздары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында                          2016 жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсы белгіленді.

           «Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мүмкіндігін береді, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды. Онда «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша жеңімпаздары марапатталады.

           Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның  шешімімен Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары айқындалды:

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Қызылқоға ауданынан Кошбаганбетовтер әулеті;

«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша Мақат ауданынан Макашева Арайлым Азаматқызы, үздік және белсенді жас маман;

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша Қызылқоға ауданынан Аманов Жумабай Исатайұлы, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-social/press/news/details/1273180?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version