Бүгін санитариялық-эпидемиологиялық сала қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Іс-шараға спикер ретінде Ақтөбе облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері шақырылып, олар еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ еңбек заңнамасының негізгі талаптары туралы жан-жақты түсіндірме берді.
Кездесу барысында еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты, еңбек демалыстарын беру, тәртіптік жауапкершілік, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен жұмыскерлердің күнделікті қызметінде туындайтын басқа да өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек заңнамасы нормаларын практикада қолдану бойынша нақты түсіндірмелер алды.
Мұндай кездесулерді өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеуге және еңбек құқықтарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1273181?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау