Қызылащы ауылдық округінің ұйымдастыруымен 10 тамыз – ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақынның мол әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Абайдың шығармалары, қара сөздері, философиялық ой-тұжырымдары мен қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ақынның өнегелі өсиеттерінің бүгінгі қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.
✨ Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы. Оның асыл сөздері мен тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1272566?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау