2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық ұйымдар лицензия алуға міндетті.
Лицензия алу үшін ұйымдар белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Атап айтқанда, өрт және санитариялық қауіпсіздік нормаларын сақтау, кедергісіз ортаны қамтамасыз ету, қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыру, ұйымды қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыру, штатты білікті мамандармен жасақтау және қызметтерді белгіленген стандарттарға сәйкес көрсету талап етіледі.
Бүгінде республика бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 600-ден астам ұйым лицензия алды. Олар 100 мыңнан астам азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Алматы қаласында мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 33 ұйым көрсетеді. Оның ішінде 17 коммуналдық мемлекеттік мекеме (КММ) және 16 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) бар. Аталған ұйымдар 6 463 азаматқа қызмет көрсетеді.
Аталған ұйымдардың қызметі Департаменттің мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының жүйелі бақылауында. Ағымдағы жылдың басынан бері инспекторлар жоғарыда аталған ұйымдарға қатысты 10 профилактикалық тексерісті өткізді. Оның барысында заңнама талаптары мен нормаларының 37 бұзушылығы анықталды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті 10 нұсқама берілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1272569?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау