«JASTAR ENERGY FEST – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық жастар күніне арналған, аудан әкімдігінің қолдауымен және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «JASTAR ENERGY FEST – 2026» ашық аспан астындағы мерекелік шоу-бағдарламасы жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік кешке аудан аумағындағы жүздеген жастар арнайы келіп қатысып, аудан әкімі М.Мұхтаров жалынды ұл-қыздарды мейрамдарымен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. Кеш барысында ауданымыздың белсенді жастарына арнайы аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен сертификаттар табыстады. Атап айтқанда, «Жас кәсіпкер – 2026» грантының жеңімпаздары, үздік спортшылар, футболдан өткен ашық біріншіліктің жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ аудан прокуроры Д.Бөлекбаев жастардың игі шараларына қолдау көрсетіп жүрген «Жастар жанашыры – 2026» номинациясының иегерлеріне, «Жасыл ел» сарбаздарына және еріктілерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыстады.

Кеш аудан өнерпаздарының әсем әндерімен жалғасып, арнайы шақырылған эстрада жұлдыздары – Alzabi тобы, Нұрсұлтан Нұрбердиев және Әділет Жауғашар өнер көрсетіп, көпшіліктің сүйікті әндерін көрермен назарына ұсынды.

Шараны танымал жүргізушілер Заңғар мен Ержан жүргізіп, көрермен қауыммен белсенді қарым-қатынас орнатты.

Мерекелік бағдарлама аясында лазерлік шоу ұйымдастырылып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ көрермендер арасында интерактивті ойын ұйымдастырылып, басты жүлдедегі «Алиса» акылды колонкасы Ақадыр кентінің тұрғынына салтанатты түрде табыс етілді.

Шара соңы түнгі аспан астындағы көздің жауын алатын мерекелік от шашуға ұласып, жастарға арналған би кешімен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1272747?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version