Жыл сайын 12 тамызда Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізінің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл теңіз ортасын бірлесіп қорғаудың негізін қалаған Тегеран конвенциясының күшіне енуімен байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Қазақстан Каспий өңіріндегі басқа мемлекеттермен бірлесе өзгерістерге бейімделу және Каспийдің табиғи байлығын сақтау жөніндегі күш-жігерді біріктіруге бағытталған Мемлекетаралық бағдарламамен жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Каспийді сақтау жұмыстары бірнеше бағытты қамтиды: Каспий маңы елдерінің өзара іс-қимылы, жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту, экологиялық бастамаларды іске асыру және қоғамды тарту. Мұндай кешенді тәсіл Каспий маңы елдерінің әлеуетін біріктіріп, Каспий теңізінің бірегей экожүйесін келер ұрпақ үшін сақтауға бағытталған шешімдерді кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1272917?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау