Қазақстандық әскери қызметші Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде жеңіске жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі, кіші сержант Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC турнирінде кезекті рет жеңіске жетті.

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Бруно Лопеспен кездесті. Дияр Нұрғожай қарсыласын жекпе-жектің бірінші раундында-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Жекпе-жектің шешуші сәті алғашқы бес минуттың соңғы секундтарында болды. Раунд соңына дейін жоғары қарқын мен жинақылықты сақтаған қазақстандық спортшы нәтижелі шабуыл жасап, қарсыласына қысымды күшейте түсті. Төреші жекпе-жекті алғашқы раундтың аяқталуына небәрі бір секунд қалғанда, яғни 4 минут 59 секундта тоқтатты.

 Осылайша, Дияр Нұрғожай жоғары физикалық төзімділігін, психологиялық тұрақтылығын және барынша шиеленісті жағдайда да кәсіби шеберлігін сақтай алатынын дәлелдеп шықты.

Мұндай қасиеттер арнайы мақсаттағы бөлімшелердегі әскери қызмет үшін аса маңызды. Өйткені әскери қызметшіден жоғары кәсіби дайындық, тәртіп, ұстамдылық және ерекше қауіпті жағдайларда сенімді әрекет ету қабілеті талап етіледі.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Бразилия өкілі Рафаэль Тобиасты жеңіп, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын.

 Жалпы, әлемдегі аралас жекпе-жек бойынша ең ірі ұйымның турнирлерінде өнер көрсетіп жүрген Дияр Нұрғожай 12 рет жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліс тапқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1273008?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version