2026 жылдың 11 тамыз күні «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы аясында «Тарлан» көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке тұрғындар бір кісідей атсалысып, ауланы абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аумақ қоқыстардан тазартылып, өсіп кеткен арам шөптер шабылып, тұрғын үйлердің айналасы ретке келтірілді.
Тұрғындар туған жердің тазалығы мен көркейуіне өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, ауланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылып, айналадағы шашылған қоқыстар жиналды.
«Таза аула – таза қала!» қағидасын ұстанған тұрғындар алдағы уақытта да тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруға ниетті. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға, елді мекеннің көркеюіне және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1272701?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау