2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Қандай өзгерістер болады? Салымшылар: ИПБ-ға берілетін жинақ мөлшерін өздері белгілейді; жинақтарын бірнеше басқарушыға бере алады. Әр ИПБ салымшыларға үш түрлі инвестициялық портфельге дейін ұсына алады: консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары. Олар тәуекел деңгейі, инвестиция құрамы және салым мерзімі бойынша ерекшеленеді. Басқарушылардың табыстылық көрсеткіштерін салыстырып, инвестициялық стратегияларымен invest.enpf.kz платформасында танысуға болады. Жинақты аудару туралы өтінішті: 📌enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы; 📌жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады. Өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Жинақ өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ға аударылады. Жинақты алдыңғы аударымнан кейін кемінде бір жыл өткен соң бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға болады. Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның ресми YouTube арнасында қолжетімді. t.me/enpfkz/3854
Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Қандай өзгерістер болады? Салымшылар: ИПБ-ға берілетін жинақ мөлшерін өздері белгілейді; жинақтарын бірнеше басқарушыға бере алады. Әр ИПБ салымшыларға үш түрлі инвестициялық портфельге дейін ұсына алады: консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары. Олар тәуекел деңгейі, инвестиция құрамы және салым мерзімі бойынша ерекшеленеді. Басқарушылардың табыстылық көрсеткіштерін салыстырып, инвестициялық стратегияларымен invest.enpf.kz платформасында танысуға болады. Жинақты аудару туралы өтінішті: 📌enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы; 📌жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады. Өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Жинақ өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ға аударылады. Жинақты алдыңғы аударымнан кейін кемінде бір жыл өткен соң бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға болады. Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның ресми YouTube арнасында қолжетімді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-zhanazhol/press/news/details/1272831?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау