Іс-шара барысында ауданымыздың спорт саласының дамуына үлес қосып, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген ауылымыздың азаматы Есенгельдин Мирбол Айсултанович Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Самат Артығалиннің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат — спортты дамытуға қосқан еңбектің, жастарды салауатты өмір салтына баулып, спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған белсенді қызметтің лайықты бағасы.
Мирбол Айсултановичке еңбегіне толағай табыс, зор денсаулық, отбасына амандық және спорт саласындағы бастамаларына сәттілік тілейміз! Жастарға үлгі болып, спортты насихаттаудағы еңбегіңіз жемісті болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1273941?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау