Ақтөбе облысында қауіпті той кортежіне қатысқандар жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ақтөбе облысында әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері үйлену тойына арналған автокөліктер кортежінде жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын көрсететін бейнежазбаны анықтады.

     Бейнематериалда көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың автокөлік терезелерінен денелерін шығарғаны, жүргізушілердің рөлде телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

     Бейнежазба зерделеніп, Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушылардың барлығын анықтады. Құқық бұзушылық жасаған азаматтардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көліктердің бірі арнайы тұраққа қойылды.

     Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланбауға және қауіпсіздік белдігін тағуға шақырады. Жолаушылар да қауіпсіздік талаптарын сақтап, өз әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірмеуі тиіс.

     Той – қуаныштың көрінісі. Алайда мерекелік көңіл-күй жолдағы қауіпсіздік талаптарын екінші орынға ысыруға себеп болмауы керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1273417?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version