«ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» жобасы бойынша ішкі іріктеу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6 тамызда «ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық жобасы аясында Моңғолия Республикасында ұйымдастырылатын халықаралық мәдени пленэрге қатысушыларды анықтау мақсатында ішкі іріктеу отырысы өтті.

Іріктеу экспедиция басшыларының қатысуымен өткізілді.

Қатысушылардың өтінімдері қоғамдық бірлестіктің электрондық поштасы және қолма-қол құжат қабылдау арқылы қабылданды.

Комиссия ұсынылған құжаттарды жан-жақты зерделеп, кәсіби тәжірибесі мен шығармашылық әлеуетін бағалау нәтижесінде халықаралық арт-экспедицияға қатысатын 6 кәсіби суретшіні іріктеп алды.

Алдағы уақытта іріктеуден өткен суретшілер Маңғыстау облысы – Моңғолия Республикасы – Маңғыстау облысы бағыты бойынша сапарға шығады.

Экспедиция барысында ұйымдастырылатын халықаралық мәдени пленэр арқылы қазақтың ұлттық мәдениеті мен заманауи бейнелеу өнері халықаралық деңгейде насихатталып, шығармашылық байланыстарды дамытуға мүмкіндік беріледі.

Аталған жоба Маңғыстау облысының шығармашылық әлеуетін дәріптеуге, халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби суретшілердің тәжірибе алмасуына бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1273855?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version