АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкрекбаевтың төрағалығымен сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың алпыс бірінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.

Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік салалар, депутаттық этика, жастар ісі, құқықтық тәртіп және қоғамдық ұйымдармен байланыстар жөніндегі тұрақты комиссиясы туралы» аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 3 қарашадағы №47-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Сессия қорытындысы бойынша, күн тәртібіндегі мәселелер толығыме қаралып,   тиісті ұсыныстар енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1274006?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version