Мүгедектігі бар баланы немесе І топ мүгедектігі бар адамды күту мерзімін еңбек өтіліне есепке алу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 206-бабының 2 тармағы 6) және 12) тармақшасы, 208-бабының 1 тармағы 6) және 7) тармақшасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасаған уақыт, басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамға күтім жасаған уақыт есепке алынады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы                                  №232 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының» 6 тармағы 3) және 9 тармағының 4) сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі ұсынылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1273423?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version