«Жас сақшы» сыныбы оқушыларының лагерьдегі танымдық демалысы жалғасуда. Бұл жолы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері жас сақшыларға арнайы криминалистикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға оқиға орнында жұмыс істеу тәртібі, іздерді анықтау және қылмысты ашуда қолданылатын заманауи криминалистикалық әдіс-тәсілдер таныстырылды. Жас сақшылар теориялық біліммен қатар, практикалық жаттығуларға да қатысып, криминалист мамандардың жұмысымен жақынырақ танысты.
Мұндай сабақтар балалардың құқық қорғау қызметіне деген қызығушылығын арттырып, тәртіпке, жауапкершілікке және болашақ мамандықты таңдауға бағыт береді.
Бүгінгі жас сақшы – ертеңгі ел қорғаны!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1273414?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау