Той емес, қауіпті жарыс: той кортеждегі барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері үйлену тойына арналған автокөліктер кортежінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Бейнематериалда көлік жолаушыларының қозғалыс кезінде автокөліктің терезесінен дене мүшелерін шығарғаны, жүргізушілердің рөлде ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны көрінеді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының барлық қатысушыларына нақты қауіп төндіреді.
Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кортежге қатысқан көлік жүргізушілері мен жолаушылардың барлығын анықтады. Құқық бұзушылардың барлығы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір көлік арнайы тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде телефон пайдаланбауға, қауіпсіздік белдігін тағуға және жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1273979?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version