Полицияға 56 жастағы ер адам алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Telegram әлеуметтік желісінен мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасу туралы хабарландыруды көрген.
Хат алмасу барысында белгісіз азамат белгілі бір ақыға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Оған сенген ер адам көрсетілген есепшотқа 126 мың теңге аударған. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол көршілес облыстың 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда.
Полиция азаматтарды интернеттегі жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады. Жұмысқа орналастыруға немесе құжаттарды рәсімдеуге көмектесемін деген белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз. Вакансия туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, жұмыс берушінің ресми байланыс деректеріне жүгінген жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1273980?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау