2026 жылғы 07 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша медициналық әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлім басшысының м.а. Е.Б.Юн, Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-профилактикалық жұмысты және қоғамдық денсаулықты үйлестіру бөлімінің басшысы Ф.С. Имашеваның және “Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасының” медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен ZOOM кеңес өткізілді.
Тақырыбы:
* МӘС-ке сапасыз және негізсіз бағытталғандарды талқылау.
* Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде көзбе -көз, сондай-ақ сырттай проактивті форматта (031/у нысаны) қорытындының сапалы толтырылуын қамтамасыз ету, МӘС-ке жолдау барысында дәйексіз және жалған құжаттардың ұсынылуына жол бермеу.
* Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының №15 қосымшасының “Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі” талаптарын сақтау. Сырттай проактивті куәландыру бойынша 45% нысаналы көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1272942?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау