«Абай – дана, Абай – дара қазақта»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 тамызда Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ұйымдастырылған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби кешке қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, Абай шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақты білімге, ғылымға, адамгершілікке және рухани кемелдікке тәрбиелеу.
Әдеби кеш барысында Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы тағылымды мәліметтер айтылып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Сонымен қатар, оның қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен сөз болды.
Абайдың шығармаларындағы білім мен ғылымға ұмтылу, еңбекқорлық, әділдік, адамгершілік, ел бірлігі мен жауапкершілік секілді құндылықтардың бүгінгі қоғам үшін де маңызы зор екені атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1274264?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version