Анықтамалық ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану кезінде зияткерлік меншік құқықтарының сақталуы туралы Қазақстан Республикасының авторлық құқықты қорғау саласындағы заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті төмендегіні хабарлайды.

Компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтамасыз ету) авторлық құқық объектілеріне жатады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлімі) 972-бабына және Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес компьютерлік бағдарламалар авторлық құқық объектілері болып табылады және құқықтық қорғауға ие.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға тек заңды негіздер болған кезде және құқық иеленуші лицензиялық шарттың талаптарына сәйкес берген құқықтар шегінде немесе заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетіне бағдарламалық қамтамасыз етуді тиісті лицензиясыз пайдалануға, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді лицензиялау талаптарын бұза отырып пайдалануға байланысты авторлық құқықтардың бұзылуы мәселелері бойынша құқық иеленушілерден және олардың өкілдерінен тұрақты түрде өтініштер келіп түседі.

Лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану, сондай-ақ лицензиялық келісімдердің талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 49-бабына сәйкес құқық иеленуші құқықтың танылуын, авторлық құқықтарды бұзатын әрекеттерді тоқтатуды, келтірілген залалдардың, оның ішінде алынбаған пайданың орнын толтыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қорғау тәсілдерін қолдануды талап етуге құқылы. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198-бабында көзделген.

Заңнама талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында ұйымдардың назарына мыналардың қажеттілігін жеткізу ұсынылады:

бағдарламалық қамтамасыз етуді тек тиісті лицензия немесе өзге де заңды негіз болған жағдайда пайдалану;

құқық иеленушілердің лицензиялық келісімдерінің талаптарын сақтау;

пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді түгендеу жүргізу;

пайдаланылатын бағдарламалық өнімдерге қолданыстағы лицензиялардың болуын тексеру;

бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану кезінде лицензиялық талаптардың сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1274025?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version