Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі мол әрі үлкен міндет. Аудан экономикасының дамуына, бюджет кірісінің қалыптасуына және салық заңнамасының сақталуына сүбелі үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі әрдайым жоғары бағаланады.
Кездесу барысында аудан басшысы сала қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мереке күні өз ісінің кәсіби мамандарына алғыс жарияланып, марапаттар табысталды. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1274530?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау