Астана қаласының әкімшілік аудандарының шекаралары бекітілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов Астана қаласы мәслихатының сессиясына қатысты.

 

Қарастырылған мәселелердің бірі – Астана қаласы аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу жөніндегі жобаны бекіту.

Жүргізілген нақтылау нәтижесінде әкімшілік аудандардың аумағы төмендегідей болды:

  • «Алматы» ауданы – 8 412 га
  • «Есіл» ауданы – 20 518 га
  • «Нұра» ауданы – 18 516 га
  • «Сарайшық» ауданы – 6 953 га
  • «Байқоңыр» ауданы – 18 190 га
  • «Сарыарка» ауданы – 7 144 га

Нәтижесінде барлық аудандарда шамалы өзгерістер болды.

Қала аумағының ауданы өзгеріссіз қалды – 79 733 га.

 

Жобаны қабылдау:

  • қолданыстағы жерге орналастыру материалдарына нормативтік құқықтық актілердің сәйкестігін қамтамасыз етуге
  • мемлекеттік жер кадастры және
  • өзге де мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуге
  • қала аумағын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған жобаны қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1274528?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version