ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Отаров Дәурен Нұрланұлы Хромтау ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Дәурен Отаровтың прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 17 жылдан астам. Ол еңбек жолын Ақмола облысы Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Қызметтік жолында Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасы мен Бас прокуратураның құрылымдарында бірқатар жауапты лауазымдарды атқарған. Сонымен қатар Ақтөбе облысы прокуратурасының басқарма бастығы қызметін атқарды.

2025 жылғы қаңтардан бастап Ақтөбе облысы прокуратурасының кадрлық жұмыс тобының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Жаңа қызметіне кіріскен Дәурен Нұрланұлына аудан аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жауапты міндеттер жүктеледі.

Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жаңа прокурорды қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік пен табыс тіледі.

Сонымен қатар, аудан прокуроры қызметін атқарып келген Қанат Қазмұханбетовтің басқа қызметке ауысуына байланысты, аудан әкімі оған атқарған еңбегі үшін алғысын білдіріп, аудан аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысына оң бағасын берді.

Аудан әкімі Қанат Қазмұханбетовке жаңа қызметінде сәттілік, кәсіби табыс және жоғары жетістіктер тілеп, алдағы жұмысына ақжолтай тілек білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1274656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version