Тағылымды жиында аудан әкімінің орынбасары Қасымхан Мұстапа сөз сөйлеп, Абай мұрасының ұлттық руханияттағы орнына, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
Шара барысында жастар ұлы ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқып, оның терең тағылымға толы шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Мәдениет үйінің өнерпаздары Абай әндерін орындап, жиынның рухани мазмұнын арттыра түсті.
Ашық аспан астындағы кітап көрмесіне Абайдың шығармалары, ақынның өмірі мен мұрасына арналған әдебиеттер қойылып, тұрғындарға таныстырылды.
Абайдың адамгершілік, білім, еңбек, бірлік пен елдік туралы ойлары – уақыт өткен сайын құндылығы арта түсетін халық мұрасы. Ұлы ойшылдың тағылымын дәріптеу – ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытудың маңызды бағыты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1274655?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау