7 тамыз күні Хромтау аудандық мәдениет орталығында тұрғын үй иелеріне пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Шара барысында аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жаңа қоныс иелерін қуанышты оқиғамен құттықтап, баспананың әр отбасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Жаңа тұрғын үй – отбасының берекесі мен тұрақтылығының негізі. Мемлекет тарапынан тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайын жақсарту және жайлы өмір сүруіне қажетті жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Салтанатты рәсім барысында 15 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Олардың қатарында Хромтау қаласының тұрғындарымен бірге ауданға қарасты елді мекендердің тұрғындары да бар.
Жаңа баспана иелерін қуаныштарымен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, молшылық, отбасылық бақыт пен амандық тілейміз.
Жаңа қоныс құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1274654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау