І топтағы жүріп-тұруы қиын адамдарға жеке көмекші қызметі көрсетіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасында жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметі көрсетіледі. Бұл қызмет адамның абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №288 бұйрығына сәйкес, жеке көмекші мүгедектігі бар адамға қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, медициналық ұйымдарда және басқа да қажетті жерлерде жүріп-тұру кезінде көмек көрсетеді.

Қызметті алу үшін жеке көмекшіге қажеттілік АОЖБ-да көрсетілуі тиіс. Қызметке Портал арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарға жүгіну арқылы тапсырыс беруге болады.

Жеке көмекші қызметі мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне белсенді қатысуына, дербестігін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Департамент басшысының орынбасары Б.Әшімов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1274191?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version