«Жасыл даму» АҚ және өңірлер коммуналдық қалдықтарды басқарудың жаңа тәсілдерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жасыл даму» АҚ өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, аудандарда коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Талқылауға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің және салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес ҚР қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.

Негізгі назар ауылдық жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, қажетті инфрақұрылымды дамытуға және өңірлік жобаларды қаржыландыру тетіктеріне аударылды.

Қатысушылар коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде әр өңірдің ерекшелігін ескеру қажет екенін атап өтті. Кейбір аумақтарда елді мекендер бір-бірінен алыс орналасқан, қалдықтардың түзілу көлемі аз әрі арнайы инфрақұрылым жеткіліксіз. Мұндай жағдайлар қалдықтарды жинау, тасымалдау және одан әрі басқару жүйесін жоспарлауда әр өңірге бейімделген шешімдерді талап етеді.

Кеңес барысында өңірлік жобаларды іске асырудың ықтимал тетіктері, оның ішінде бірлесіп қаржыландыру негізінде арнайы техника сатып алу және қажетті инфрақұрылым салу мәселелері қаралды.

Өңірлердегі қазіргі жағдай мен қажеттіліктер туралы Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова және Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов баяндады.

Сонымен қатар қатысушылар EcoQolday бағдарламасы аясында қалдықтарды жинаумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері ретінде ПИК пен МИБ-ті тарту мүмкіндігін талқылады. Бұл тәсіл жергілікті ұйымдар мен бизнестің коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесіне қатысуын кеңейтудің ықтимал тетіктерінің бірі ретінде қарастырылуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Коммуналдық қалдықтарды тиімді басқару үшін елді мекендердің ерекшеліктерін, қолда бар инфрақұрылымды, сондай-ақ тұрғындар мен бизнестің мүдделерін ескеретін кешенді тәсіл қажет екені атап өтілді.

Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар заманауи, ашық әрі экономикалық тұрғыдан тиімді қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Қабылданып жатқан шаралар полигондарға көмілетін қалдықтар көлемін азайтуға, ҚТҚ жинау және шығару қызметтерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ неғұрлым тиімді сервистік модельге көшуге жағдай жасайды деп күтілуде.

Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті арттыруға және елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1274202?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version