Қазақстанда Shaiqas-2026 әскери-инженерлік чемпионатының финалдық сайыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының «Амандық» полигонында алғашқы ұлттық әскери-инженерлік Shaiqas-2026 чемпионатының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың тікелей көрсетілімін https://youtube.com/live/iCARq5w4sUU сілтемесі арқылы көре аласыздар.

Еліміздің әр өңірінен келген 18 команда чемпионаттың жеңімпазы атану үшін сайысқа түседі. Қарулы күштер атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының құрама командалары қатысады.

«Әуе жүйелері» номинациясында қатысушылар FPV-дрондарды құрастыру және басқару, барлау жүргізу, сондай-ақ шартты жүкті жеткізу дағдыларын көрсетеді. «Жерүсті жүйелері» бағыты бойынша командалар робототехникалық кешендерді басқара отырып, эвакуациялау, жабдықтарды жеткізу және инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындайды. Цифрлық қорғаныс саласының мамандары «Киберқауіпсіздік» бағытында модельденген кибершабуылдарды анықтау және оларға тойтарыс беру бойынша өз күштерін сынап көреді. Ал «Тактика» сайысында командалар уақытқа кешенді тапсырмаларды орындайды. Атап айтқанда, атыс дайындығы, тактикалық медицина элементтері және командалық үйлесімді іс-әрекетке арналған жаттығулар бар.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Defence Tech Center инновациялық хабы, WSE, Barys Dynamics, Ақмола облысының әкімдігі, USTEM Foundation, Ashyq Aspan Foundation, Cyberlabs қоғамдық қорлары, Astana Hub, Tensor Engineering және Barys Dynamics School ұйымдары ұйымдастырып, қолдау көрсеткенін айта кетелік. Чемпионаттың жүлде қоры – 20 млн теңге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1274027?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version