Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар тиімді қолданылуда. Соның бірі – жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары. Олар жол ережесін бұзған жүргізушілерді дер кезінде анықтап, жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді.
Кезекті жұмыс күні жедел басқару орталығы инспекторының назарына Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов пен Кенесары көшелерінің қиылысында КамАЗ жүк көлігінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны ілікті. 56 жастағы жүргізуші қарсы бағытқа шығып, қосарланған тұтас сызықты басып өткен.
Инспектор оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция экипажын бағыттады. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды. Нәтижесінде ол 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Айта кетейік, облыс полицейлері жедел басқару орталығының камералары арқылы жыл басынан бері 79 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты дер кезінде тоқтатып, оқыс оқиғалардың алдын алды. Соның ішінде 126 дерек қарсы бағытқа өту. Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғаларына себеп болатын ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі.
Мұндай әрекет жүргізушінің ғана емес, жолдағы өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушілерді қарсы бағытқа шықпауға және жолдағы әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1274600?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау