Алғашқы ден қою алгоритмдерін түсіндіру бойынша лекция өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облыстық Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы, аудандық полиция бөлімі және №11 колледжінің қызметкерлерімен төтенше жағдайлар орын алған кезеңде алғашқы ден қою алгоритмін түсіндіру бойынша сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар немесе терроризм актісі туралы қауіп туындаған кездегі алғашқы әрекет ету алгоритмінің талаптарын түсіндіру, осылайша мемлекеттік қызметкерлер арасында терроризмге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру болып табылады.
Өткізілген сабақтарда ең алдымен терроризм актісі туралы ұғымның мағынасы түсіндіріліп, оның жасалу әдістері туралы түсінік берілді.
Терроризм актісі – саналы түрде аса қатыгездік пен қорқыныш, үрей туғызу мақсатында мемлекеттік билік өкілдеріне өздерінің талаптарын жеткізу арқылы жасалатын қылмыс. Ол үшін ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр жауапкершілік қарастырылған.
Осы ретте, қатысушыларға терроризм қаупі туындаған кезде ең алдымен жасалуы тиіс алгоритм реттілігі көрсетілген және арнайы ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімімен дайындалған бейнематериал ұсынылды.
Сондай-ақ, адамдарды қауіпсіз аймақпен эвакуациялау тәртібі, құқық қорғау органдарына хабар беру, өзге де қызметкерлерді хабардар ету және өзге де шұғыл жұмыстардың атқарылу тәртібі туралы мәлімет берілді.
Кездесу қорытындысымен қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274740?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version