Ұшу қауіпсіздігі жерден басталады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласындағы «Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, полиция және әуежай өкілдерінің қатысуымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілді.
Теориялық бөлігін жүргізу кезінде оқу-жаттығуға қатысушылар лаңкестік қауіптерді анықтау кезіндегі іс-қимыл тәртібін, күдікті заттар анықталған кездегі алгоритмдерін және төтенше жағдайлар қызметтерінің өзара іс-қимылы мәселелерін қарастырды.
Практикалық кезенде багажды рентгентелевизиалық қондырғы арқылы тексеру кезінде авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары қолдан жасалған жарылғыш құрылғының макетін дер кезінде анықтап, бұл туралы құқық қорғау органдарына жедел хабар берді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, жедел тергеу тобы мен саперлік бөлімше күдікті затты шартты түрде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Материал ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша
департаменті ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1274750?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version