14 тамызда Риддер қаласының №125 сайлау учаскесінің базасында төрағаларға, төрағалардың орынбасарларына, хатшыларға және Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен жаңадан тағайындалған шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Кинугул Бичуинов қатысты. МБА жаттықтырушылары Е.Құдайбергенов пен Р.Косинов тәжірибеге бағдарланған кейстерге талдау жүргізді – комиссиялар тікелей учаскелерде кездесуі мүмкін мәселелер мен жағдайларды талқылау. Семинарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Кинугул Бичуинов қатысты. Іс-шара соңында М.Бортник Риддер қаласының сайлау комиссиялары мүшелерінің дайындық деңгейіне оң баға берді. Білімді тексеру Қашықтықтан оқытудың кіші жүйесі базасында тестілеу және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тестілеуі арқылы жүргізілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау