Арқалық қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің заманауи оқу корпусына қайта бейімделген ғимаратты реконструкциялау жұмыстары аяқталды.
Жобаның құны 1,9 млрд теңгені құрады. Жоба прокуратура органдарының заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі жұмысы аясында мемлекетке қайтарылған активтерден қалыптастырылған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
Бұған дейін ғимарат ұзақ уақыт бойы өз мақсатына пайдаланылмаған. Реконструкциядан кейін мұнда 2,5 мыңға жуық студенттің білім алуына және оқытушылардың жұмыс істеуіне заманауи жағдайлар жасалды.
Осылайша, мемлекетке қайтарылған активтер нақты әлеуметтік мақсаттарға бағытталып, білім беруді дамытуға, жастарға заманауи жағдай жасауға және түптеп келгенде, халықтың игілігіне қызмет етуде.
Арқалық қаласының прокуратурасы жобаның іске асырылуының заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ бөлінген мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылауда ұстайды.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1275302?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау