Ақжар ауылында тағы бір қуанышты жаңалық!
Ауыл тұрғындарының игілігіне жаңа баскетбол алаңы, воркаут аймағы және балалар ойын алаңы ашылды!
Енді мұнда балалардың шат күлкісі, жастардың спортқа деген қызығушылығы мен тұрғындардың белсенді өмір салты қатар өркендейді.
Целиноград ауданындағы әр ауыл — бірдей назарда, әр ауыл — жаңа мүмкіндіктер алаңына айналуда. Заманауи инфрақұрылым — жай ғана нысан емес, бұл ауылдың болашағына салынған инвестиция!
Бүгінгі спорт алаңы — ертеңгі чемпионның алғашқы қадамы.
Бүгінгі балалар алаңы — балалық шақтың бақытты естелігі.
Бір деңгейде даму — ортақ мақсат!
Бірге көркейген ауыл — қуатты аудан!
Ақжардың жаңа алаңдары ауыл тұрғындарының сүйікті мекеніне, ал спорт — күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1275077?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау