МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҮШІН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілер арасында заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Т.Анашбеков және Түркістан облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Н.Әмзеев қатысып, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге әріптестеріне өздерінің діни көзқарастарын таңуға, сондай-ақ қызметкерлерді қандай да бір діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейтіні түсіндірілді.

Сонымен қатар, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, ойын мекемелерінде, сондай-ақ интернет арқылы ұйымдастырылатын құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға қатысты заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Қатысушыларға қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға жол бермеу, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта пайдаланудың алдын алу, сондай-ақ масаң күйде көлік құралын басқарудың заң алдындағы жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, қызметтік ортада өзара сыйластық пен кәсіби әдепті сақтау мәселелері де кеңінен қозғалды.

Іс-шара соңында заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын ұстану, адалдық, әділдік және жеке жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алу – халық сеніміне негізделген кәсіби мемлекеттік қызметтің басты кепілі екендігі атап өтілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1275449?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version