Қарағанды облысының Шет ауданындағы Кеншоқы ауылдық округінде шыққан табиғи өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, құрғақ шөп жанған аумақтың көлемі 81 гектарды құраған.
Облыстық ТЖД хабарлағандай, қазіргі уақытта өрттің негізгі ошағы оқшауланды. Ендігі міндет – жалынды толық сөндіріп, оның қайта таралуына жол бермеу.
Оқиға орнында құтқарушылармен қатар орман шаруашылығы мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге барлығы 87 адам және 32 техника жұмылдырылған.
Жағдай тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1275477?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау